Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сондықтан былай деймін: «Маған қарамаңдар, мен зар жылап жатырмын, қырылған халқымды жоқтаудамын. Мені жұбатуға тырыспаңдар! Уа, халқым, қайғырып азалы киім киіп, күлге аунаңдар! Жалғызы өлген адамдай жоқтап, еңіреп жылаңдар! Өйткені құртушы жау бізге аяқ астынан бас салады. Пайғамбар былай дейді:)— Халқым күйреді, содан мен де күйредім. Қатты қайғыдан есеңгіреп қатып қалдым, қорқыныш бойымды билеп алды. Ғилақад қыраттарында май дәрі жоқ па еді? Онда дәрігер қалмағаны ма? Халқымның жарақаты неге жазылмай қойды? Енді оларға мына хабарды жеткіз: «Күні-түні көз жасым ағылып тоқтамасын! Себебі ежелде пәк қызымдай болған Менің халқым қатты соққы жеп, ауыр жарақаттанды. Халқым құрып, бала мен бөбектің көшелердеАштан өліп жатқандарын көргенімде,Төгілген жасымнан талды көздерім де,Жаным қиналды, ақтарылғандай боп жерге.
Выбор основного перевода