Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Тауларға қарасам, олар сілкініп, төбелер де шайқалып тұр. Тағы қарасам, бірде-бір адам баласы жоқ, әрі аспандағы құс атаулы бірі қалмай ұшып кеткен. Енді қарасам, шұрайлы ел шөл далаға айналыпты, ал ондағы қалалар Жаратқан Иенің алдында Оның лаулаған қаһарынан қирап қалыпты! Бұл ел қашанға дейін мұңайып, даладағы шөп қашанға дейін солып қалмақ? Ел тұрғындарының жасаған зұлым істеріне бола (Сен жаңбыр жауғызбай) мал мен құс атаулы құрып кетті. Ал сол адамдар: «Істеріміздің соңын Жаратқан Ие көрмейді!» дейді. Немесе Мен бүкіл елді кезіп жүретін жыртқыш аңдарды жіберіп, олар тұрғындарды жалмап, соның кесірінен қаңырап қалған ел арқылы тіпті жолаушылар да өтпей қояды дейік. Сол себепті бүкіл елді қайғы басып, барлық тұрғындары әлсіреп қалды. Тіпті даладағы аң, құс, балық атаулы да қырылып жатыр».
Выбор основного перевода