Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Қалаларыңды қиратып, киелі орындарыңды бос қалдырамын, тартуларыңның хош иісін де иіскемеймін. Ал өздеріңді басқа халықтардың арасына шашыратып жіберемін, Өзім семсерімді суырып алып, арттарыңнан қуамын. Елдерің қаңырап бос қалып, қалаларың қирайтын болады. Сендердің жерлерің қаңырап бос қалған, қалаларың өртеніп, қираған. Жат жерліктер егістіктеріңнің өнімін көз алдарыңда жеп қояды. Жау қырып-жойып кеткен елдерің быт-шыт, жұрдай болып жатыр. Жүзім бұталары кеуіп кетіп, шырыны азаяды. Бір кезде сауық-сайранға салынып көңіл көтергендер енді қайғырып күрсінетін болады. Даңғыра мен жетігеннің көңілді үндері мен ермекке салынғандардың у-шуы басылып қалған. Өйткені Мен — Әлемнің Иесі Исраилдің Құдайы, мынаны айтамын: Бұл елде қуаныш пен шаттықтың үнін, күйеу мен қалыңдықтың көңілді дауыстарын сап тыямын. Сендер соны өз көздеріңмен көресіңдер, себебі бұл іс кейін емес, тірі кездеріңде болады. Мен сенің әндеріңнің шулы әуенін сап тыямын, ішекті аспаптарыңның үні де ендігәрі естілмейтін болады. Осылайша халықтың сауық-сайрандарын, жылдық мейрамдарын, айдың бірінші күнгі мейрамдарын және демалыс күндерін, яғни оның жиналып бас қосатын барлық мерекелерін доғарамын. «Бұдан былай сен ешқашан жетіген сазы мен адам даусын, сыбызғы мен керней тартқандарды естімейтін боласың. Ұсталар мен өнер шеберлері сенде болмайды, диірменнің дыбысы да естілмейді. Енді қайтып шам жарығын көрмейсің, күйеу мен қалыңдықтың көңілді даусын да естімейсің!Себебі сенің саудагерлерің әлемнің мықтылары еді; сен сиқырлығыңмен күллі халықтарды алдап, азғындыққа салдың!
Выбор основного перевода