Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Ата-бабалары сиынған Құдайы Жаратқан Ие Өзінің таңдап алған халқына және жер бетіндегі тұрағына жаны ашып, қайта-қайта хабаршыларын жіберіп, оларға ескертіп келген еді. Бірақ шақырсам да, тыңдаудан бас тарттыңдар,Құшағымды жайсам да, назар аудармадыңдар, Халқыма келгенімде неліктен Мені ешқайсың қарсы алмадыңдар? Мен қанша шақырсам да, ешқайсың жауап бермедіңдер? Өздеріңді азат ету қолымнан келмейді деп ойлайсыңдар ма? Жоқ, сендерді құтқаруға құдіретім әбден жетеді! Менің бұйрығыммен теңіз кеуіп қалады. Мен өзендерді де шөл далаға айналдыра аламын. Сонда ондағы балықтар сусыз өліп, шіріп кетеді. Бірақ сендердің тағдырларыңды Өзім шешіп қойдым: Жауларыңның алдында тізе бүгіп, семсерден қырыласыңдар. Себебі Мен шақырғанда жауап бермедіңдер, тіл қатқанымда сөзіме құлақ аспадыңдар. Қайта, көз алдымда зұлымдық жасап, Маған ұнамайтын нәрселерді таңдап алдыңдар. Мен ата-бабаларыңды Мысыр елінен алып шыққалы бері осы күнге дейін қайта-қайта оларға «Даусыма құлақ салыңдар!» деп ескертіп келдім. Бірақ олар құлақ салып ден қойған жоқ, керісінше, қасарысқан жүректерінің зұлым қалауларымен жүре берді. Сондықтан Келісімде белгіленген қарғыстардың барлығын бастарына түсірдім. Себебі Мен осы Келісімнің шарттарын оларға тапсырсам да, олар ұстанбады.
Выбор основного перевода