Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Халық бөгде тәңірлерге табынды,Бұларымен Жаратқанды ызаландырды,Жексұрын пұттармен қаһарландырды, Құдай емес мүсіндерге табынды,Осылай қызғанышымды тұтандырды,Тәңірсымақтарымен Мені қаһарландырды.Сонда Мен халық сиқы жоқ бөтендер арқылыОлардың қызғаныштарын тұтандырамын,Иә, өздері түсінігі жоқ деп санайтынӨзге халықпен оларды ашуландырамын! Ал сенің зұлымдығың өзіңнен бұрын өткендердің қай-қайсысынан да басым болды. Сен өзіңе жалған тәңірлер таңдап, жас бұқа мүсіндерін жасатып алдың. Осындай істеріңмен Менің қаһарымды туғыздың. Сен Менен мүлдем бас тартып кеттің. «Мен, Әлемнің Иесі, сендерді елде сеуіп отырғызған едім, ал енді бастарыңа апат бұйырдым. Себебі Исраилдің де, Яһуданың да халқы зұлым істер істеп, жалған тәңір Бағалға арнап хош иісті зат түтетіп әрі құрбандықтар ұсынып келеді. Сөйтіп сендер Менің қаһарымды туғыздыңдар!»
Выбор основного перевода