Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Олар Мен өздеріне өсиет еткен жолдан лезде тайып шығып, алтыннан құйылған жас бұқа мүсінін жасап алды. Соған иіліп құлшылық етіп, құрбандық шалып, «Әй, Исраил, сені Мысыр елінен бастап алып шыққан тәңірің — осы!» десті. Себебі Жаратқан Ие Мұсаға былай деп бұйырған болатын: «Исраилдіктерге мынаны айт: Сендер тоң мойын қыңыр халықсыңдар. Мен араларыңда бір-ақ сәт бірге жүретін болсам, сендерді жоқ қылуым қажет болар еді. Қазір әшекейлеріңді шешіп тастаңдар. Ал Мен сендермен не істеуді ұйғарамын». Жаратқан Ие маған тағы да: «Мен бұл халықты назарымда ұстап келемін. Оның шынында тоңмойын қыңыр екеніне көзім жетті. — Мен осыны кімге айтып, кімді сақтандыруым керек? Кім маған құлақ асады? Олар құлақтарын бітеп алған, ести алмайды. Жаратқан Иенің сөзі оларға мазақ тәрізді, олар содан еш рақат таппайды.
Выбор основного перевода