Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Басқаларды кінәлап өсектегендер де, қала алаңында сот жүргізушілерге тұзақ құрып, әділ адамды құр таласпен құқығынан айырып келгендер де енді жоқ болады. Уа, Жақыптың үрім-бұтағы — Исраилден тараған барлық рулар, Жаратқан Иенің сөзін тыңдаңдар! Жаратқан Ие маған былай деп тапсырды: Бар да, Иерусалимнің күллі қақпаларының маңында, соның ішінде Яһуда патшалары кіріп-шығатын қақпаның жанында тұрып алып, мына сөздерді Сондықтан Яһуданың адамдарына және Иерусалимнің тұрғындарына былай де: Жаратқан Ие мынаны айтады: Біліп алыңдар: Мен сендерге бір жаман апатты ойластырып дайындап жатырмын. Сондықтан әрқайсың зұлым жолдарыңнан қайтып, іс-әрекеттерің мен жүрген жолдарыңды түбегейлі өзгертіңдер!» Сондықтан теріс жолдарыңнан қайтып, іс-әрекеттеріңді түзетіп, Құдайларың Жаратқан Иеге мойынсұныңдар! Осылай етсеңдер, Ол райынан қайтып, өздеріңізге бұйырған апатын жібермейді.
Выбор основного перевода