Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Шалған малдарың үшін шағым айтпаймын,Өртеп ұсынған құрбандықтарыңа қараймын. Ал қаламаймын бұқаларды қораларыңнанЯки текелерді шарбақтарыңнан, Өйткені орманның әр аңы Менікі,Әрі малдар да мыңдаған төбедегі, Барлық құсты білемін таулардағы,Хайуандар да Менікі даладағы. «Ашықсам» Мен саған айтпас та едім,Бар әлем мен ондағылар — өз меншігім. Шалынған бұқаның етін жеймін бе,Не текелердің қанын ішемін бе? Жоқ, тарту қылып мақтау ұсын Құдайға,Берген сертіңді орында Алла Тағалаға. Қиындық көргеніңде шақыр Мені,Сонда құтқарып аламын сені,Ал өзің мадақтайтын боласың Мені». Жаратқан Ие мынаны айтады: «Көптеп құрбандық шалуларыңның Мен үшін қандай мәні бар? Ұсынған қошқарларыңа, бордақыланған малдарыңның майына әбден тойдым. Құрбандыққа шалған бұқаларың мен қой-ешкілеріңнің төгілген қанына да риза емеспін. Солай болып тұрғанда Сәба елінің хош иісті ладан шайырын әрі шалғай елдің тәтті де жұпар құрағын түтетіп ұсынғандарыңнан Маған не пайда? Шалып, өртеп ұсынған құрбандықтарыңды қабылдамаймын, сый-тартуларыңа да риза болмаймын». Халық Маған арнап малдарын құрбандыққа шалып, етін жесе де, Мен, Жаратқан Ие, соларына риза емеспін. Қайта, Мен халқымның істеген зұлымдықтарын есіме алып, оларды күнәлары үшін жазалаймын: халқым өздері бұрын құл болған Мысырға қайта оралатын болады! «Мен мейрамдарыңды жек көремін, салтанатты жиналыстарыңның иісі Маған жиренішті.
Выбор основного перевода