Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Бірақ таңдаған халқым Мені тыңдамады,Исраилдің ұрпағы Маған бағынбады, Сондықтан Мен қасарысқан жүректерінеЖол бердім өз беттерімен жүрулеріне. Өз беттерімен жүріп, теріс жолға түсіп, қасарысқан халықты күні бойы құшақ жайып шақырумен болдым. Өз зұлымдығың саған жаза тартқызады, өз опасыз қылықтарың сені айыптайтын болады.Содан ойланып, мынаны біліп ал: Менен, өзіңнің Құдайың Жаратқан Иеден, бас тартып, Мені еш қастерлемеуіңнің арты қандай жаман да күйінішті болатынына көзіңді жеткіз!» — Әлемнің Әміршісі Жаратқан Ие осыны нық айтады. Бірақ олар құлақ салып ден қойған жоқ, керісінше, қасарысқан жүректерінің зұлым қалауларымен жүре берді. Сондықтан Келісімде белгіленген қарғыстардың барлығын бастарына түсірдім. Себебі Мен осы Келісімнің шарттарын оларға тапсырсам да, олар ұстанбады.
Выбор основного перевода