Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сендердің мәйіттерің аспандағы жыртқыш құстар мен жердегі аңдарға жем болады, оларды үркітіп жіберетін ешкім болмайды. Таңдаулы халқым Мен үшін құзғындай жиренішті. Оған жан-жақтан өзге жыртқыш құстар бас салуда. Кәне, даланың жыртқыш аңдарын да жинап әкеліңдер! Олар меншікті халқымды жалмап қойсын. Олар жазылмайтын індеттерден қырылады. Оларды жоқтап, қабірге қоятын ешкім болмағандықтан, сүйектері қи-қоқыс сияқты әр жерде шашылып жататын болады. Ал қалғандары семсерден қаза тауып, аштан өледі; денелері аспандағы құстар мен жердегі аңдарға жем болады.
Выбор основного перевода