Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сонда Әйүп орнынан тұрды да, қатты қайғырып шапанының өңірін жыртып, шашын қырқып алып тастады. Мұнан кейін ол Тәңір Иеге мойынсұнып етпетінен жерге жата кетті. Халық жалған тәңірдің ғибадатханасына көтеріледі. Олар Дибонның биіктеу жерлеріндегі табыну орындарында жылау үшін өрлеп шығады. Моаб халқы Небо мен Медеба қалаларын жоқтап жылайды. Барлығы да қайғырып шаштарын, сақал-мұрттарын алып тастайды. Тақыр төбе бастарынан бір дауыс естіліп тұр. Бұл өздерінің теріс жолдарымен адасып кетіп, Құдайлары Жаратқан Иені ұмытқан исраилдіктердің зарлы үні. Өздеріңе сондай сүйікті балаларыңды аза тұтып, шаштарыңды тақырлап алып тастаңдар! Бастарыңды тазқараның басындай қылып тақырлаңдар! Өйткені балаларың жер аударылып айдалып әкетіледі».
Выбор основного перевода