Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Уа, Моаб халқы, қасірет саған!Хамосқа табынған халық қырылған.Хамос өз «ұлдарын» қашуға қалдырды,«Қыздарын» Амор патшасы Сихонға олжалатты, Сол кезде Сүлеймен Иерусалимнің шығыс жағындағы бір төбеде моабтықтардың жексұрын тәңірі Хамосқа және аммондықтардың жиренішті тәңірі Молохқа арнап биіктеу жердегі табыну орындарын салды. Исраилдіктер Менен бас тартып, сидондықтардың табынатын әйел тәңірі Астартаға, моабтықтардың тәңірі Хамосқа және аммондықтардың тәңірі Молохқа бас ұра табынып кеткендіктен, Мен осыны істеймін. Олар Менің жолыммен жүріп, Маған ұнамды істер істеген, әрі Менің ережелерім мен шешімдерімді сақтаған Сүлейменнің әкесі Дәуіт сияқты болмады. Осылайша жалған тәңірлердің бәрі бірдей тізе бүгіп, құлайды. Олар ауыр мүсіндерін қорғай алмайды, қайта, өздері де тұтқынға түседі! Сол жасақшылар өнімдеріңді жеп, азық-түліктеріңді тауысады, ұл-қыздарыңды да жалмап қояды. Олар сендердің табын-отарларыңды, жүзімдерің мен інжірлеріңді жалмап, сенім артып отырған бекіністі қалаларыңды жермен-жексен қылады. Жаратқан Ие мынаны да айтады: Дана даналығымен, мықты мықтылығымен, бай байлығымен мақтанбасын! Зар жыла, о, Хешебон қаласы, өйткені Гай қаласы қирады! Айқайлаңдар, о, Рабба қаласының тұрғындары да! Азалы киім киіп, күңіреніңдер! Дуалдардың ішінде олай-бұлай аласұрыңдар! Жау сендер табынған Молохты абыздары және әміршілерімен бірге жер аударып әкетеді. Өздеріңнің шұрайлы аңғарларыңмен неге мақтанасыңдар? Оларыңнан жақында жұрдай боласыңдар! Уа, опасыз Аммон халқы, сен өз байлығыңа сеніп: «Маған кім шабуыл жасай алады?!» — деп дандайсисың.
Выбор основного перевода