Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
«Кәне, құртайық оларды ұлттар арасынан,Исраил аталмасын енді қайтып ешқашан». Себебі Дамаск тек Араманың бас қаласы, ал Ресин небәрі Дамаскінің басы ғана болады. Ефремге келсек, ол алпыс бес жылдың ішінде талқандалып, халық болудан қалады. Сен кімді мазақтап, балағаттадың? Кімді дауыстап қорлап, кімге паңдана қарап тұрсың, соны білесің бе?! Маған, Исраилдің Киелі Құдайына қарсы солай істеп тұрсың! Осылай Моаб өз даңқынан жұрдай болады. Жаулары Хешебонда оған қарсы жамандық ойластырып: «Жүріңдер, оны мүлдем жойып, ел болудан қалдырайық!» — десті. Сен де, уа, Мадмен қаласы, үнсіз қатып қаласың, семсер сенің соңыңнан қалмайды. Моаб паңданып, Жаратқан Иеге қарсы бас көтергендіктен енді (Оның қаһарынан) мас адамдай теңселіп, жерге құласын, содан өз құсығында аунап жатсын. Ол да көрінгеннің мазағына айналсын.
Выбор основного перевода