Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Мен шын жүректен Моаб үшін жылаймын. Оның босқындары Сиғор мен Үшінші-Әглат қалаларына дейін қашып кетпек. Олар Лухитке апаратын асуға еңірей көтеріліп, Хоронаимға қашып барып, шеккен азаптарына қатты қайғыра жылай береді. Босқындары да жылап, Лухит асуына қарай өрлейді. Кейін Хоронаимға ылдилап баратын жолда да бейшара адамдардың өз елдерінің қирағанына үрейлене айқайлаған дауыстары естіліп жатпақ. Олардың қиналған айқайы Хешебоннан Елғале мен Яхасқа, Сиғордан Хоронаим мен Үшінші-Әглатқа дейін естіледі. Тіпті Нымрим сайының суы да тартылып қалады.
Выбор основного перевода