Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Өз сөздеріне бола талқандалады,Мұны көргендер олардан бас тартады. Ұры қолға түскенде масқара болатынындай, бүкіл Исраил елі: халық пен оның патшалары, әміршілері, діни қызметкерлері мен пайғамбарлары да масқара болады. Сондықтан оның жері қиратылып, басқа халықтар оны ысқырып, келекелейді. Сол жермен өткен-кеткендердің бәрі аңтарыла жандары түршігіп, бастарын шайқайтын болады. Өткен-кеткеннің бәрі қол шапалақтауда,«Мінсіз әсем, бар жердің қуанышы деген қалаОсы ма?» — деп ысқыра бастарын шайқауда. Жаратушы Тәңір Ие мынаны да айтады: «Моаб пен Сейірдегі халық былай деді: «Міне, қараңдар! Яһуда халқы барлық басқа ұлттар сияқты болыпты!» — «Менің халқымды ренжітіп, олардың еліне қоқан-лоқы жасаған моабтықтардың келемеждеген сөздері де, аммондықтардың мазағы да құлағыма жетті. — Қасынан өтіп бара жатқандар Исаға тіл тигізді. Олар бастарын шайқап:
Выбор основного перевода