Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Хешебон мен Елғаленің халқы зар еңіреп, олардың даусы Яхасқа дейін естіліп тұрады. Сондықтан Моабтың жасақшылары да айқайлап, дірілдеп қорқады. Бірақ қазір Жаратқан Ие мынаны айтады: «Дәл үш жылда Моабтың ұлылығынан түк қалмайды. Оның құжынаған халқынан тірі қалғандар өте аз әрі дәрменсіз болады». Сойылуға апарыла жатқанда ештеңе аңғармайтын момын тоқтыдай, мен бұдан мүлдем хабарсыз болған едім. Дұшпандарым зұлым жоспар құрып былай деп жүр екен: «Ағашты жемісімен қоса құртайық, оны бұ дүниеден аластатайық! Оның аты тіпті еске алынбасын!» Зар жыла, о, Хешебон қаласы, өйткені Гай қаласы қирады! Айқайлаңдар, о, Рабба қаласының тұрғындары да! Азалы киім киіп, күңіреніңдер! Дуалдардың ішінде олай-бұлай аласұрыңдар! Жау сендер табынған Молохты абыздары және әміршілерімен бірге жер аударып әкетеді.
Выбор основного перевода