Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сол кезде он сотық жүзімдіктен жиналған өнімнен небәрі бір күбідей ғана шырын шығады, әрі себілген он қап тұқымнан бір-ақ қап астық жиналады!» Құнарлы бау-бақшаларда шат-шадымандық ғайып болады. Жүзімдіктерде көңілді әндер шырқалмайды. Сыққыш шұңқырларда ешкім де қуана айқай сала жүзімді таптап шырынын ағызбайды. Жүзім бұталары қурап, інжір ағаштары солып қалды, анар, құрма, алма, даладағы барлық ағаштар да қурап қалды. Содан адамдар да қуаныштан ада болды. Өнім жинайтын кезінде біреу бастыруға үйілген масақ бауларынан жиырма қап астық шығады деп дәметсе, расында одан тек он қап қана шығады. Шырын сыққыштан елу шелек жүзім шырынын аламын деп дәметсе, онда небәрі жиырма шелек қана шырын бар болып шығады.
Выбор основного перевода