Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Кім Хазаилдің семсерінен қашып құтылса, Еху соның көзін құртады, ал кім Ехудің семсерінен қашып құтылса, Еліше соның көзін құртады. Анатоттың сол адамдарының тірі қалғандары болмайды. Мен оларды жауапқа тартатын жыл келгенде бастарына пәле жіберемін!» Тіпті Мысырдың жалдамалы жауынгерлері бордақыланған тайыншадай шайқасқа жарамайтын болады. Олар да бұрылып, бәрі бірдей қаша жөнеледі. Жазаларын тартып құритын күндері келгенде олар берік тұра алмайды. Сол күн арыстаннан қашып, аюмен кездескен немесе үйге кіріп, қабырғаға қолмен сүйеніп тұрғанда жыланның шағып алғаны сияқты қорқынышты болады.
Выбор основного перевода