Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Жаратқан Ие сендерге қарсы алыстан, тіпті жердің шетінен бір халықты төменге шүйілген бүркіттей аттандырып келтіреді. Сол халық сендер түсінбейтін бөтен тілде сөйлеп, адамдардың мойнына дейін көтеріледі. Сол сияқты, Ассур патшасы мен оның әскері де жуырда бүкіл Яһуда жеріне жайылып шығып, бұлқан-талқан болып ағып, елді басып кетеді! О, Имануил, оның кең қанаттары бүкіл жеріңе жайылатын болады!» Біліп алыңдар, жау қанатын кең жайып, шарықтап, шүйілген бүркіт секілді Босора қаласына бас салмақ. Сол күні Едомның батырларының жүректері толғатып жатқан әйелдікіндей үрейленетін болады». Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: Бірде қанаттары мықты, қауырсындары қалың да түрлі-түсті бір алып бүркіт Ливанға ұшып келіпті. Ол бір самырсын ағашының басын бүріп, Біріншісінің сырт көрінісі арыстанға ұқсады, бірақ оның бүркіттің қанатындай қанаттары болды. Мен қарап тұрғанда қанаттары жұлынып тасталды. Айуан жерден көтеріліп, адам сияқты артқы екі аяғымен тұрғызылды. Бұған қоса оған адамдікіндей ақыл-сана да берілді. «Керней тартып дабыл қағуға дайындал! Жау бүркіт сияқты Жаратқан Иенің елінің үстінде ұшып жүр. Себебі олар Менің өздерімен жасаған Келісімімнен айнып, Таурат заңымды бұзып келеді. Аттары қабыланнан жүйрік, кешқұрым жортып жүретін қасқырдан айбарлы. Атты әскері құйғыта шабады, салт аттылары алыстан зулап келіп, олжасына тап берген бүркітке ұқсайды.
Выбор основного перевода