Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Егер сен қыздарыма нашар қарап, олардың үстінен тағы әйел алсаң, екеуіміздің арамызда ешқандай төреші тұрмаса да, айғақ ретінде Құдайдың тұратыны есіңде болсын, — деген еді. Сонда бүкіл халық бірауыздан:— Жаратқан Иенің айтқандарының бәрін де орындаймыз! — деді.Мұса халықтың жауабын Жаратқан Иеге жеткізу үшін тауға көтерілді. Бүкіл халық:— Біздер Құдайымыз Жаратқан Иеге қызмет ететін боламыз, Оның даусына құлақ асатын боламыз! — деп Ешуаға уәде берді. Ғилақадтың ақсақалдары:— Жаратқан Иенің Өзі осы айтқанымыздың растығына куә болсын. Сіз қалай айтсаңыз, дәл солай істейміз! — деп уәделерін берді. «Уа, күллі халықтар, тыңдаңдар! Уа, жер мен онда тұратындардың барлығы, құлақ түріңдер! Жаратушы Тәңір Ие сендерге қарсы куәлік келтіреді. Ол Өзінің (көктегі) киелі үйінен сендерді әшкерелеп, айыптайды». және шынайы хабарды адал жеткізген Иса Мәсіх сендерге рақымын жаудырып, тыныштық сыйлай көрсін! Иса Мәсіх — өлімнен қайта тірілгендердің ең Бастысы, әрі жер бетіндегі патшалықтардың Әміршісі.Мәсіх бізді сүйіп, Өзін құрбан етіп қанын төгуімен күнәларымыздан тазартып арылтты, Лаудікидегі қауымның періштесіне былай деп жаз:Бұл — «Аумин» деп те аталатын Мәсіхтен хабар. Ол — шындықты жариялап, шейіт болған адал да шынайы Куәгер әрі Құдайдың жаратылысының Билеушісі.
Выбор основного перевода