Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Ели:— Құдай саған не деді? Оны менен жасырма. Егер де Құдайдың өзіңе білдіргендерін түгелдей айтпай, бір нәрсесін жасырып қалсаң, Ол сені жазалаған үстіне жазалай бермек, — деді. Сонда Самуил ештеңені бүкпестен бәрін айтып берді. Ели:— Ол Жаратқан Ие ғой, Оның әділ еркі орындалсын, — деді. Мен де сендер үшін Жаратқан Иеге жалынып сиынуды қойып, Оған қарсы күнә жасаудан аулақ болайын! Қайта, сендерге ізгі де әділ жолды көрсете бермекпін. Бірақ Миқая:— Мәңгі тірі Жаратқан Иенің алдында шын айтамын: Жаратқан Ие маған нені білдірсе, тек соны ғана айтып беремін! — деп ант етті. Іште жасырмадым әділ хабарыңды:Сенімділігің мен құтқаруыңды,Рақымың мен ақиқатыңды ӨзіңніңҮлкен жиналыста айтпай кетпедім. Түс көрген пайғамбар түсін айтсын. Ал Менің хабарымды қабылдағандар оны ақиқатпен жеткізсін. Сабан мен бидайдың арасындағы зор айырмашылық іспетті олардың бос сөздері мен ақиқаттың арасындағы айырмашылық та жер мен көктей.
Выбор основного перевода