Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Мен Иерусалимді жазалағандай, Мысырдағы яһудилерді де семсер, ашаршылық және індетпен жазалаймын. Мен енді оларға жақсылық емес, жамандық істеуді қырағы қадағалаймын. Мысырдағы яһудилер құрып біткенше семсер мен ашаршылықтан қырылады. Семсерден қорқасыңдар, ал Мен сендерге қарсы жау семсерін жіберемін! Мен, Жаратушы Тәңір Ие, осыны нық айтамын. Ассурдың талқандауынан бас сауғалап қашсаңдар да, сендерді Мысыр патшалығы жинап алып, құртады. Мәйіттерің сондағы Мемфис қаласында жерленбек. Күмістен жасалған бағалы заттарыңды арам шөп басып, шатырларыңда тікенек қаулап өсіп кететін болады.
Выбор основного перевода