Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Патшаның өзіне жылқыны көптеп ала беруіне болмайды, әрі соларын көбейту үшін халықты Мысырға қайтуға жұмылдырмауға тиіс. Себебі Жаратқан Ие сендерге: «Сол жолмен ешқашан қайтып бармауларың керек» деп бұйырған еді ғой. Иә, Мен Яһуда халқының елде қалып, енді Мысырға көшіп келіп, осында тұруға бет алған адамдарын құртамын! Олар не семсерден қырылып, не аштан өліп бәрі де Мысырда құриды. Үлкенді-кішілі барлығы да семсерден немесе ашаршылықтан қаза табады. Олар қарғалып, қорқынышты көрініске айналып, масқара мен мазаққа ұшырайды. Мен Иерусалимді жазалағандай, Мысырдағы яһудилерді де семсер, ашаршылық және індетпен жазалаймын. Яһудада тірі қалып, Мысырға көшіп кеткендер өз еліне қайта оралып, тұруға қаншама аңсап ұмтылғанмен, ешқайсысы да апаттан бас сауғалап аман қалмайды. Тек біразырақ босқындардан басқа, ешкім де Яһудаға оралмайды.
Выбор основного перевода