Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Мұнан кейін мен сол жерде, Аһауадағы өзен тармағының жағасында, барлығымызды Құдайымыздың алдында мойынсұнып, ораза ұстауға шақырдым. Осылай біз Құдайдан өзіміз бен бала-шағамыз және барша мал-мүлкіміз үшін оң сапар сыйлауын сұрап мінажат еттік. О, Жаратқан, ақ жолыңа бағыттай гөр мені,Өзіңнің шындығыңа сәйкес жүргім келеді,Тек Сені ардақтауға нығайтшы жүрегімді. «Енді жүріңдер, Жаратқан Иенің,Жақыптың халқы сиынған Құдайдың,Сион тауындағы киелі үйінеӨрлеп барайық барлығымыз, кәне!Сол жерде Жасаған Иеміз бізгеАқ жолын нұсқайды, сонымен жүрейік,Оның әділ еркін орындай берейік!» — Деп, көп ұлттар жолға шығады бірігіп.Сөзін таратады тәлімін үйретіпЖаратқан Ие Иерусалимнен,Сиондағы өз киелі үйінен.
Выбор основного перевода