Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Бірақ егер сол халық өзінің жасап жүрген зұлым істеріне өкініп, солардан бас тартса, онда Мен де райымнан қайтып, жіберейін деп отырған апатты оларға жібермеймін. Оларға көз қырымды салып, жағдайларының жақсы болуын қадағалаймын. Кейін оларды осы елге кері қайтарамын. Сол жерде оларды құртпаймын, керісінше, тұрғызып өркендетемін, оларды жұлып тастамаймын, керісінше, қайтадан егіп отырғызамын. Мен оларды түп-тамырымен жұлып ойсыратып, құлатып жоюды қырағы қадағалағаным сияқты, енді оларды солай егіп отырғызып, өркендетуді де қырағы қадағалайтын боламын! — Мұны айтқан Жаратқан Иенің Өзі. — Сонда айналаңда қалып отыратын халықтар қираған жерлерді қайта тұрғызған әрі қаңырап қалған далаға қайтадан бау-бақша отырғызған Өзім, Жаратқан Ие, екенімді білетін болады. Осыны Мен, Жаратқан Ие, кесіп айтамын әрі жүзеге асырамын да!» Құдай олардың істегендерін көріп, зұлым жолдарынан қайтқандарына көз жеткізді. Содан Ол халыққа аяушылық танытып, бәрін құртамын деген райынан қайтты. Ол Жаратқан Иеге сиынып былай деді:— Уа, Ием, мен осылай болатынын елімде жүргенде-ақ айтпап па едім? Сондықтан да тездетіп Тарсиске қарай қаштым. Сенің рақымды да мейірбанды Құдай екеніңді білгенмін: Сен тез қаһарлана қоймайтын төзімдісің, берік сүйіспеншілігің шексіз зор. Пәле жіберемін деген райыңнан қайтуға да дайынсың.
Выбор основного перевода