Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Мен Иерусалимді жазалағандай, Мысырдағы яһудилерді де семсер, ашаршылық және індетпен жазалаймын. Яһудада тірі қалып, Мысырға көшіп кеткендер өз еліне қайта оралып, тұруға қаншама аңсап ұмтылғанмен, ешқайсысы да апаттан бас сауғалап аман қалмайды. Тек біразырақ босқындардан басқа, ешкім де Яһудаға оралмайды. Осылайша семсерден аман қалып, Мысырдан Яһудаға қайта оралатындардың саны өте аз болады. Сонда Яһудадан Мысырға көшіп келген халықтың тірі қалғандарының бәрі кімнің сөзінің дұрыс болғанына: Менің бе, әлде өздерінің бе, соған көз жеткізетін болады. Жан-жақтан апат шақырдың тойға жиған сияқты,Ием, қаһарлы күніңде ешкім қашып құтылмады,Мәпелеп өсіргендерімді жау құртып тастады». Олардың алыстағылары індеттен қырылады, жақындағылары семсерден өледі. Ал қамалған қалада осы екеуінен тірі қалғандары аштан өледі. Осылайша Мен оларға бар қаһарымды түгелдей төгемін. Сонымен Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: Мен Иерусалимге қарсы оның халқы мен малын қыратын төрт ғаламат апатымды: семсер, ашаршылық, жыртқыш аңдар және індетті жібергенімде, бұл қандай қорқынышты болмақ?!
Выбор основного перевода