Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Патшаның өзіне жылқыны көптеп ала беруіне болмайды, әрі соларын көбейту үшін халықты Мысырға қайтуға жұмылдырмауға тиіс. Себебі Жаратқан Ие сендерге: «Сол жолмен ешқашан қайтып бармауларың керек» деп бұйырған еді ғой. Бірақ сонда да ата-бабаларымыз мойынсұнбай, Саған қарсы шығып, заңыңды лақтырып тастады. Тіпті Өзіңе қайтармақ болып оларды сақтандырған пайғамбарларыңды өлтірді де! Осылай олар зор қиянат жасап, Сені қорлады. Сен ата-бабаларымызға Өзің оларға тапсырған Таурат заңына қайту туралы ескертіп жүрдің. Бірақ олар паңданып, Сенің өсиеттеріңе құлақ аспай, шешімдеріңе бағынбай күнәға батты. Ал шешімдеріңді орындайтын адам солар арқылы өмір сүреді. Керісінше, ата-бабаларымыз қыңырлана тоңмойын болып, тіл алудан бас тартты. Сен көп жылдар бойы ата-бабаларымызға шыдамды болдың. Өзіңнің Рухың жіберген пайғамбарларың арқылы оларға ескертіп отырдың. Алайда ата-бабаларымыз құлақ аспай қойды. Сол себепті Сен оларды айналаларындағы басқа халықтардың қолына табыстадың. Жаратқан Ие тағы мынаны айтады: «Бас көтергіш балаларға ұқсайтын халқым қасіретке қалады! Олар Менің еркімнен тыс жоспарлар ойлап, одақ құрады, әрі Менің Рухымның жетелеуінсіз келісімшарт жасайды. Осылай күнәларына күнә жамап келеді. Халқым Менен ақыл сұрамай-ақ Мысырға ылдилап барады. Сол елдің қуатты патшасы перғауыннан қорғаныш іздеп, Мысырдың саясын паналайды. Алайда перғауынның қорғанышы оларға ұят келтірмек, Мысырдың саясын паналау оларды масқараға ұшыратпақ. Яһуданың әміршілері (Мысырдың солтүстік астанасы) Соғанда болып, елшілері Ханес қаласына жеткенмен, сол елге сенім артқандардың барлығы да ұятқа қалады. Перғауыннан ешқандай көмек пен пайда таппаған олар масқараға қалады». Бұл — оңтүстіктегі Негев аймағындағы хайуандар туралы ауыр хабар:Елшілер керуені ақырған арыстандар, улы сұр жыландар мен атылып шағып алатын оқ жыландар мекендейтін қорқынышты құла түз арқылы өтіп Мысырға барады. Олар есектерінің арқаларына, түйелерінің өркештеріне артқан бағалы заттары мен қазыналарын тасып әкетеді. Алайда Мысыр елі оларды қорғай алмайды, оның көрсететін көмегі еш пайдасыз. Сондықтан Мен оны «тыныш отыратын айдаһар» деп атаймын. Сонда олар тыңдаса да, тыңдаудан бас тартса да — олар бас көтергіш халық емес пе? — әйтеуір, олар өздерінің араларында Құдайдың пайғамбарының бар екенін білетін болады.
Выбор основного перевода