Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Ол су жағасындағы ағашқа ұқсайды:Сол мерзімінде жемісін береді,Жапырақтары кеуіп те сембейді,Не істесе де, ол табысқа жетеді. Жаратқан Иенің қуаңшылық туралы Еремияға арнаған сөзі мынау: — Яһуда елі қайғырып, қалалары шөлден әлсіреп жатыр. Адамдар аза тұтып жерде отыр, Иерусалимнен зарлы дауыстар шығып жатыр. Байлар қызметшілерін суға жібергенде, олар құдықтарға барып, су таба алмайды. Бос ыдыстарын көтеріп, абыржып, күдерлерін үзген олар бастарын жауып қайтып келеді. Жаңбыр жаумай, жер қаңсып жарылып кеткендіктен, диқандар да қуаңшылыққа қайғырып, бастарын жабады. Тіпті елік жаңа туған төлін шөптің жоқтығынан далаға тастап кетеді. Жабайы есектер тақыр төбелерде тұрып, шибөрідей алқына тыныстайды. Шөптің жоқтығынан олардың көздері қарауытып жөндеп көрмейді.
Выбор основного перевода