Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
— Уа, Жаратқан Ие, Сен шыншылдықты талап етесің ғой! Сен оларға соққы берсең де, еш ауырсынбады, күйрете соққы берсең де, түзелуден бас тартты. Олар беттерін тастан бетер қатайтып қасарысып, күнәларына еш өкінбеді. Бірақ олар тыңдаған да жоқ, сөздеріме мән де берген жоқ. Керісінше, қыңырланып зұлым ой-ниеттерін іске асырып жүрді. Олар алға жүрудің орнына кері кетті. Бірақ халық Мені тыңдаған да жоқ, сөздеріме ден қойған да жоқ. Олар қыңырланып, тіпті өз ата-бабаларынан бетер көп күнә жасады. Бірақ олар құлақ салып ден қойған жоқ, керісінше, қасарысқан жүректерінің зұлым қалауларымен жүре берді. Сондықтан Келісімде белгіленген қарғыстардың барлығын бастарына түсірдім. Себебі Мен осы Келісімнің шарттарын оларға тапсырсам да, олар ұстанбады. Олар Менің сөзіме мойынсұнудан бас тартқан ата-бабаларының зұлым істеріне қайта оралып, бөгде тәңірлердің жолына түсіп, соларға құлшылық етеді. Өздерінің ата-бабаларымен жасаған Келісімімді Исраилдің де, Яһуданың да халқы бұзды! «Әлемнің Иесі, Исраилдің Құдайы, мынаны айтады: Біліп алыңдар! Сендер тоңмойын болып, сөздеріме құлақ асудан қыңырлықпен бас тартып келе жатырсыңдар. Сондықтан Мен Иерусалим мен оның айналасындағы елді мекендерге қарсы паш еткен апатты енді міндетті түрде бастарыңа түсіремін!»
Выбор основного перевода