Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Жанымды алмақ жаулар ұятқа қалсын,Мені құртуға әрекет еткендер жасырынЕнді кері қайтып, әбден масқаралансын! Сондықтан оларға кенет ажал жетсін,Маған құрған торына өздері түссін,Осылайша өз бастары құрып кетсін. Менің мүшкіл халіме қуанғандарБәрі ұятқа қалып, масқаралансын,Өздерін менен тым жоғары қойғандарҚара бет болып, ұятқа орансын. Бірақ Сен, уа, Әлемнің Иесі, әрқашан әділ шешім шығарасың! Адамның жан дүниесі мен ой-санасында не барын тексеріп анықтайсың. Өзіңе жағдайымды сеніп тапсырдым. Енді оларға лайықты жазаларын тартқызғаныңды маған көрсете көрші! Мен халқымды өз еліне қайтармас бұрын, оны жасаған ауыр күнәлары үшін екі есе қатты жазалаймын. Себебі олар Менің өздеріне табыстаған елімді жалған тәңірлерінің өлі де жексұрын мүсіндерімен арамдап, жерімді сол жиренішті нәрселерімен толтырып тастады. Бірақ Жаратқан Ие айбат көрсеткен батыр сияқты менің жанымда. Сондықтан мені қудалап жүргендер сүрініп, мені жеңе алмайды. Олар ниеттерін іске асыра алмай, әбден ұятқа қалады. Енді қайтып жұрт олардың масқараларын ұмытпайды.
Выбор основного перевода