Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Қайта, солардың құрбандық ұсынатын орындарын бұзып, қиратып, табынатын тас мүсіндерін талқандап, әйел тәңірлері Ашераға бағышталған ағаш бағаналарын шауып тастаңдар! Құдайларың Жаратқан Иеге арнап салған құрбандық орындарыңның жанына жалған тәңір Ашераға бағышталған ешқандай ағаш бағаналар орнатпаңдар! «Баяғыда Мен мойныңа салынған мойынтұрықты сындырып, бұғауларыңды үзіп, өзіңді құлдықтан азат еткен едім. Алайда: «Жоқ, мен қызмет етпеймін!» дедің. Ал шынында сен көрінген биік төбенің басында, әрбір саялы ағаштың түбінде жалған тәңірлерге табынып опасыз әйел іспетті азғындыққа салындың. Жосия патшаның заманында Жаратқан Ие маған былай деді: «Тұрақсыз Солтүстік Исраилдің не істегенін көрдің бе? Ол әрбір биік төбеге шығып, әрбір саялы ағаштың түбіне барып, жалған тәңірлерге табынып азғындық жасады. Балалары отын жинап, әкелері от жағады, ал әйелдері қамыр илеп, «Аспан патшайымы» деген тәңірсымаққа арнап нан пісіріп иіс шығарады. Олар бөгде тәңірлерге арнап сұйық тартулар құйып та ұсынады. Бұларын Мені ашуландыру үшін істейді! «Ей, Яһуда халқы, сендерде қанша қала болса, сонша жалған тәңір бар! Иерусалимде қанша көше болса, сендер сол масқара тәңірсымақ Бағалға арнап сонша құрбандық үстелдерін тұрғыздыңдар! Иә, солардың үстінде Бағалға хош иісті зат түтетіп, құрбандықтар өртеп ұсынасыңдар!»
Выбор основного перевода