Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Ұлының аяғын сүйіп бағыныңдар!Әйтпесе Ол кәрленіп, көздеріңді құртпақ,Ашуы лезде жалындай лауламақ.Ал Оған сенгендер бақытты болмақ. Жаратқанның ізгілігіне көз жеткізіңдер,Қандай бақытты Оған сенімін жүктегендер! Менмендердің қолдауын сұрамайтын,Жалғанға сүйенгендерге бет бұрмайтын,Қайта, тек Жаратқанға сенімін артқанӘркім — өмір бақи қандай бақытты жан! Жаратушы Тәңір Ием, үмітім Сенсің,Жастайымнан-ақ Өзіңе сеніп келемін, Уа, әлемнің құдіретті Иесі — Жаратқан,Қандай бақытты Өзіңе сенім артқан жан! Жақып сиынған Құдай жар болғанЖәне Құдай Иесіне үміт артқанҚандай бақытты болады әрбір жан! Ақылмен еңбек еткен игілік табар,Жаратқанға сенім артқан бақытты болар. Сондықтан Жаратқан Ие сендердің Өзіне қайтып келіп, рақымына ие болуларыңды сағына күтуде. Ол орнынан тұрып, сендерге мейірбандық көрсетуге дайын. Өйткені Жаратқан Ие — әділ Құдай. Оған сенім артып Оны күтетіндер қандай бақытты!
Выбор основного перевода