Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Исраилдіктер елсіз далада жүрген кезде (араларындағы) бір адам діни демалыс күні отын жинап жүрген жерінен ұсталып қалды. Ұстағандар әлгі адамды Мұса мен Һаронның және жамағаттың алдына алып келді. Оған қандай шара қолдану керек екендігі анық болмағандықтан, адам қамауға алынды. Сонда Жаратқан Ие Мұсаға тіл қатып былай деді: «Сол адам өлуге тиіс. Бүкіл жамағат оны қоныстың сыртына шығарып, таспен атқылап өлтірсін». Бүкіл жамағат адамды қоныстың сыртына алып шығып, Жаратқан Иенің Мұса арқылы берген нұсқауына сәйкес оны таспен атқылап өлтірді. Сондықтан өз көздеріңмен көрген осы нәрселердің ешқайсысын естеріңнен шығармауларың үшін, әрі өмір бойы жүректеріңнен кетіп қалмаулары үшін абай болып сақтаныңдар! Сол үшін балаларың мен немерелеріңе оларды айтып үйрететін болыңдар! Сонымен абай болыңдар! Жаратқан Ие өздеріңе Хориб тауындағы оттың ішінен тіл қатқан кезде сендер ешқандай бейнені көрген жоқсыңдар. Сондықтан Құдайларың Жаратқан Иенің өздеріңмен жасаған Келісімін естеріңнен шығарудан сақ болыңдар! Өздеріңе кез келген бейнедегі тәңір мүсіндерін жасап алмаңдар! Құдай Ие соған тыйым салған еді ғой. Сол кездері мен Яһуда аймағында демалыс күні істеуге қатаң тыйым салынған күнделікті жұмыспен айналысып жатқан адамдарды көріп жүрдім. Олар демалыс күндері жүзімдерін таптап, шырынын сығатын, астық масақтарын жинап-буып, есектерге тиейтін. Жұрт, сондай-ақ, шарап, жүзім, інжір және басқа да түрлі жүктерді Жаратқан Иеге бағышталған демалыс күндері есектеріне артып, Иерусалимге алып келетін. Мен соны істейтіндерге демалыс күні азық-түлік сатуға болмайтынын қатты ескерттім. Тир қаласынан көшіп келіп, Иерусалимде тұрып жатқан саудагерлер де балық пен алуан түрлі бұйымдарды қалаға алып келіп, Яһуда халқына демалыс күндері сатып жүрді. Сонда мен Яһуданың жетекшілеріне қарсы шығып: «Қасиетті демалыс күнін қорлайтын істерді істейтіндерің не? Сендердің ата-бабаларың осылай қылып, сондықтан да Құдайымыз біздің өзіміз бен осы қалаға сол ауыртпалықты жіберді емес пе еді?! Енді өздерің де демалыс күні жайлы заңды менсінбей, Құдайдың Исраилге деген қаһарын одан бетер өршітіп жатырсыңдар!» — деп сөгіс айттым. Содан мен әр демалыс күнінің қарсаңында кеш түсе бастағанда: «Қала қақпаларының есіктері бекітіліп, демалыс күні өтпейінше ашылмасын!» — деген бұйрықты беріп отырдым. Демалыс күні ешқандай жүктің қалаға кіргізілмеуі үшін мен қызметшілерімнің біразын қала қақпаларына күзетке қойдым. Бір-екі рет саудагерлер және алуан түрлі бұйымдарын сататын басқалар да демалыс күні Иерусалимнің сыртында түнеп шықты. Бірақ мен оларды сақтандырып: «Сендер неге қабырғаның алдында түнейсіңдер? Егер тағы осылай ететін болсаңдар, мен сендерге қарсы шара қолданамын!» — дедім. Сол кезден бастап олар демалыс күндері келмейтін болды. Әлгі кісі сол сәтте-ақ ауруынан сауығып, төсенішін жинап алды да, жүріп кетті!Бұл оқиға (яһудилердің демалысы) сенбі күні болған еді.
Выбор основного перевода