Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Демалыс күнін Тәңір Иеге бағыштауды есіңде сақтайтын бол! Алты күн жұмысыңды істеп, жетінші күні демал! Сонда өгізің мен есегің тынығып, қызметшілерің де, жат жұрттық адамдарың да демалсын. — Исраилдің үрім-бұтағына мынаны айт: Менің демалыс күні туралы ережелерімді сақтаңдар! Себебі бұл — бүкіл келешек ұрпақтарың үшін Менімен сендердің араларыңда жасалған Келісімнің белгісі. Ол арқылы Менің сендерді жалғыз Өзіме бағыштап қасиетті еткен Жаратқан Ие екенімді білетін боласыңдар. Исраилдіктер елсіз далада жүрген кезде (араларындағы) бір адам діни демалыс күні отын жинап жүрген жерінен ұсталып қалды. Ұстағандар әлгі адамды Мұса мен Һаронның және жамағаттың алдына алып келді. Оған қандай шара қолдану керек екендігі анық болмағандықтан, адам қамауға алынды. Сонда Жаратқан Ие Мұсаға тіл қатып былай деді: «Сол адам өлуге тиіс. Бүкіл жамағат оны қоныстың сыртына шығарып, таспен атқылап өлтірсін». Бүкіл жамағат адамды қоныстың сыртына алып шығып, Жаратқан Иенің Мұса арқылы берген нұсқауына сәйкес оны таспен атқылап өлтірді. Айтқандарымды мұқият орындайтын адам қандай бақытты! Демалыс күнін қор қылмай, Өзіме бағышталған күн ретінде қастерлейтін әрі жамандық атаулыдан алыс жүретін адам баласын Мен жарылқайтын боламын». Жаратқан Ие тағы былай дейді: «Демалыс күнін Маған бағыштап, берік ұстаныңдар! Бұл күні әдеттегі істеріңмен айналыспай, оны қадірлеп-қастерлеп, үлкен ғанибет деп өткізіңдер! Демалыс күні өз беттеріңмен жүрмеңдер, құмарлықтарыңды қандыру мен бос мылжыңнан да бас тартып, сол күнді толығымен Маған арнаңдар! Оның үстіне Мен, Жаратқан Ие, Өзіме бағыштағанымның сыртқы белгісі ретінде оларға демалыс күнімді сыйладым.
Выбор основного перевода