Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сонымен Ыбырам әйелімен, барлық иелігімен және қасындағы немере інісі Лутпен бірге Мысырдан көшіп кетіп, Қанаханның оңтүстігіндегі Негев аймағына қарай өрлеп барды. Шалынып, түгелдей өртеліп ұсынылатын құрбандық, астық тартуы, күнәнің құнын өтейтін құрбандық, айыпты өтейтін құрбандық, діни қызметкерді тағайындау рәсіміндегі құрбандық және Жаратқан Иемен қарым-қатынасқа ризашылық білдіретін құрбандық туралы нұсқаулар, міне, осылар. Шүкірлік тартуларын Иемізге ұсынсын,Шаттық әнмен Оның істерін паш қылсын! Шүкірлік құрбандығын ұсынамын Саған,Сенің атыңды паш етемін, уа, Жаратқан. Сонда Бунямин жері мен Иерусалимнің айналасындағы ауылдарда, әрі Яһуда жері мен таулы аймақтағы, батыстағы төменгі қыраттар мен оңтүстіктегі Негев аймағындағы қалаларда егістік танаптары әлі де күміске сатылып алынбақ. Сонда құжаттар дайындалып, оларға мөр басылып, куәгерлер куәлік етпек. Өйткені Мен сол аймақтардан жер аударылып кеткендерді қайтарып әкеліп, жағдайларын бұрынғыдай игілікке кенелтемін! — Жаратқан Ие осыны уәде етеді. Сол кезде таулы аймақтың қалаларында, батыстағы төменгі қыраттар мен оңтүстіктегі Негев аймағында, Буняминнің жері мен Иерусалимнің айналасындағы ауылдарда және Яһуданың қалаларында қайтадан отар-отар ұсақ малдар өсіп-өніп, оларды санайтын шопандардың қол астынан өтетін болады. Мен, Жаратқан Ие, осыны уәде етемін. Иерусалим мен оның айналасындағы қалалар тұрғындарға толы болып, тыныштыққа кенеліп, оңтүстіктегі иен дала мен батыстағы төменгі қыраттарда да адамдар тұрып жатқан кездері Жаратқан Иенің ежелгі пайғамбарлар арқылы жариялаған сөздері осылар емес пе?
Выбор основного перевода