Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Уа, Яһуда патшалары мен Иерусалимнің тұрғындары, Жаратқан Иенің сөздеріне құлақ салыңдар! Әлемнің Иесі, Исраилдің Құдайы, мынаны айтады: Біліп алыңдар: Мен осы жерге зор апат жіберемін. Сол туралы естіген адам қатты абыржып құлағы шыңылдайтын болады. Уа, Дәуіттің тағында отырған Яһуда патшасы, Жаратқан Иенің сөзін тыңда! Уа, осы қақпалар арқылы сарайыңа кіретін өзің де, нөкерлерің де, халқың да, құлақ түріңдер! «Мынаны тыңдаңдар, уа, діни қызметкерлер! Құлақ салыңдар, уа, Исраилдің билеушілері, мұқият тыңдаңдар, патшаның әулеті! Сендерге үкім шығарылады. Өйткені Миспа мен Табордағы табыну орындарында халықты тұзақ пен торға түсірдіңдер.
Выбор основного перевода