Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Себебі билік Жаратқанның қолында,Ұлттардың Иесі Сол болып қалады да! Мені неге қастерлемейсіңдер? — дейді Жаратқан Ие. — Менің алдымда неге қорқып дірілдеп тұрмайсыңдар? Теңіздің шетін құм төбелермен шектеп көмкердім. Соларды теңіз ешқашан өте алмайтын шекара етіп қойдым. Толқындар қанша буырқанып, толқыса да, Мен белгілеп қойған шектерінен өте алмайды. Даниял патшаға былай деп жауап берді:— Ешқандай білімпаз, балгер, сәуегей не сиқыршы сізге өзіңіз айтып отырған құпияны түсіндіріп бере алмайды. Бірақ көктегі Құдай құпияларды ашып бере алады. Уа, Набуходоносор патша, көктегі Құдай сізге осы түс арқылы келешек замандарда болатын жайттарды көрсеткен екен. Төсекте жатқанда түсіңізде көрген көріністеріңіз мыналар: Пайғамбардың жазбасында мынадай сөздер бар: «Даналардың даналығын жойып, ақылдылардың ақылын жоқ қыламын». «Олай болса, даналар мен ғұламалар қайда, осы дүниелік ұлы істер туралы айтысқыш шешендер ше?» Құдай солардың бәрін де ақымақтар, ал даналықтарын түкке тұрғысыз ақылсыздық қылып көрсетті емес пе? Уа, Жаратқан Ие, кім Сенен қорықпас,Есіміңнің ұлылығын кім даңқтамас?Сен ғана толықтай қасиеттісің!Бар ұлттар келмек алдыңа Өзіңнің,Бас ұрып мақтайды даңқыңды Сенің,Себебі ашылды әділ үкімдерің!»
Выбор основного перевода