Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Жасаған Ие судың тамшыларын көтеріп алып, олар тұман болып тазаланып, жаңбыр жауғанда жерге қайтып түседі. Сонда бұлттар өз ылғалын жерге төгіп, ол адамзатқа мол нөсер болып құйылады. Құдайдың бұлттарды қалай жаятынын, аспаннан қалай күн күркірететінін түсінетін жан бар ма? Жаратқанның даусы сулардың үстінде,Ұлылық Иесі — Құдай күркіреуде,Жаратқан гүрілдейді зор сулардың үстінде. Жаратқанның даусы тым құдіретті,Жаратқанның даусы асқан айбатты. Оның даусы самырсынды сындырады,Ливанның самырсындарын құлатады, Ливанның тауларын бұзаудай секіртеді,Хермон тауын жас бұқадай сілкінтеді. Жаратқанның даусы от-жалын шашады, Оның даусы иен даланы шайқалтады,Қадештегі айдаланы да сілкінтеді. Жаратқанның даусы емендерді сілкілейді,Орман ағаштарының жапырақтарын түсіреді.Киелі үйінде бәрі «Ұлылық!» деп айтады. Ол көкжиектен бұлттарды көтереді,Нөсер мен найзағайды жібереді,«Қоймасынан» желді айдап әкеледі. Мадақта Оны лайым, аспан заңғар,Мадақтаңдар Оны, бұлттан жоғары сулар!
Выбор основного перевода