Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Себебі өз халқы — Жаратқанның үлесі,Жақыптың ұрпақтары — Оның меншігі. Уа, Ием, маған жар болып келесің,Жарылқап мені амандық бересің,Тағдырым қауіпсіз қолыңда Сенің. Тәнім әлсіреп, жаным шаршағанмен,Уа, Құдай, мәңгілік жар боласың Сен,Жүрегімнің берік тірегі бола бересің. Жарықты да, қараңғылықты да Мен жараттым, не амандық орнатып, не апат жіберемін. Мен, Жаратқан Ие, мұның бәрін істеймін. Бізді құтқаратын қамқоршымыздың есімі — Әлемнің Иесі, Ол — Исраилдің Киелі Құдайы! Күндіз жарық беретін күнді, түнде жарық беретін ай мен жұлдыздарды белгілі тәртіппен орнатқан, теңізді сапырып, толқындарын буырқандыратын Жаратқан Иенің есімі — «Әлемнің Иесі». — Ол мынаны айтады: — Бірақ сол екі халықтың құтқарушы Қамқоршылары күшті. Оның есімі: «Әлемнің Иесі». Ол солардың мүдделерін қайсарлықпен қорғайды. Осылай Ол елдеріне тыныштық сыйлайды, ал Бабылдың тұрғындарына зобалаң жібереді. Ал Жақыптың үрім-бұтағына жар болушы Құдай олар сияқты емес: Ол — барлық нәрсенің, соның ішінде Өзінің меншікті халқы Исраилдің Жаратушысы. Оның есімі: «Әлемнің Иесі».
Выбор основного перевода