Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Әділдің қадамын Жаратқан нығайтады,Жүрген өмір жолын Ол ұнатады, Арам жан қорыққанына тап болар,Әділдің аңсағаны орындалар. Адамның қадамдарын Тәңір Ие белгілер,Онсыз адам жүрер жолын қайдан білер? Тегіс те түзу — жолы әділдердің,Уа, Хақ Тағала, жолды тегістейсіңОй-ниеті адал адамдар үшін. Керісінше, Көктің Иесіне қарсы бас көтердіңіз! Оның киелі үйінен тонап алынған ыдыстарды алдыртып, солармен басшы-ұлықтарыңыз, әйелдеріңіз әрі кәнизактарыңызбен бірге шарап іштіңіз, оның үстіне күміс, алтын, қола, темір, ағаш және тастан жасалған, ештеңені көріп-естімейтін әрі түсінбейтін тәңірсымақтарды мадақтап отырдыңыз. Алайда өміріңіз бен барлық жолдарыңызды қолында ұстап отырған Құдайға ешқандай мадақтау айтқан жоқсыз!
Выбор основного перевода