Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Уа, Ием, маған ызаланып сөге көрме,Қаһарланып мені жазалай көрме. Уа, Жаратқан, қаһарланып сөге көрме,Ашуланып мені жазалай көрме. Мен саған жар болып, сені құтқарамын, — деп уәде береді Жаратқан Ие. — Сені араларына шашыратып жіберген халықтарды құртып жоқ қыламын, бірақ өзіңді құртып жоқ қылмаймын. Алайда сені мүлдем жазасыз қалдырмай, әділдікпен жазалаймын. Қорықпа, уа, қызметшім Жақып, — дейді Жаратқан Ие. — Себебі Мен саған жар боламын. Сені араларына айдатып жіберген халықтарды құртып жоқ қыламын, бірақ өзіңді құртпаймын. Алайда сені мүлдем жазасыз қалдырмай, әділдікпен жазалап тәрбиелеймін. — Уа, Жаратқан Ие, Сен мәңгі тірі, киелі Құдайым емессің бе? Бізді өлімге қимағаның ғой? О, Ием, Сен бізді соттауға Бабыл халқын тағайындағансың, уа, жартастай Қорғанымыз, бізді жазалауға дәл соларды белгілеп қойғансың!
Выбор основного перевода