Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Мен былай деймін: «Құдай ТағаланыңҚұдіреті өзгеріпті, бұл — нағыз азабым». — Жаным-ай, жаным-ай! Аурудан бүрісіп қиналып жатырмын! Жүрегім толқып дүрс-дүрс соғып тұр. Үнсіз қала алмаймын. Өйткені кернейдің шабуылға шақырғанын, әскердің атой салғанын естіп тұрмын. Толғатып, тұңғышын босанайын деп жатқан әйелдің айқайындай айқай естіп тұрмын. Бұл ентігіп, демін ала алмай жатқан Иерусалимнің айқайы. Ол қолдарын жайып: «О, қасірет! Сорладым! Жан алғыштардың алдында дәрменсізбін!» — деп түңілді. Енді оларға мына хабарды жеткіз: «Күні-түні көз жасым ағылып тоқтамасын! Себебі ежелде пәк қызымдай болған Менің халқым қатты соққы жеп, ауыр жарақаттанды. Мен Жаратқан Иеге қарсы күнә жасағандықтан Оның қаһарына ұшыраймын. Бірақ кейін Ол мүддемді қорғап, мені ақтайды. Сонда Ол мені нұрға алып шығады, Оның әділ істерін көремін!
Выбор основного перевода