Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Уа, Жаратқан Ие, қай «тәңір» Саған тең келер еді?Ешкім жоқ Сендей салтанатты да қасиетті,Даңқты ұлылығымен айбынды да қастерлі,Керемет істер жасайтын сондай құдіретті! «Уа, Ешүрун, ешкім ұқсамас Құдайыңа,Ол салтанатпен келеді сені қолдауға,Бұлттар үстімен жүреді аспанда. Уа, Ием, ұлттардың табынатын тәңірлеріАрасында жоқ Сендей бірде-біреуі!Сенің жасаған кереметтерің іспеттіЖоқ басқа ешкімнің де ғажайып істері. Себебі Сен ұлысың, ғажап істер жасайсың,Уа, Жаратқан Ие, жалғыз Өзің Құдайсың! Уа, Сионның халқы, масаттаныңдар,Дауыстап қалықтата ән салыңдар:Исраил сиынған Киелі ҚұдайЕнді өздеріңнің араларыңдаБөленеді салтанатты ұлылыққа!» Өзіңнің рақымыңды мыңдаған адамдарға көрсетесің, ал әкелерінің кінәларын балаларының мойнына да саласың. Уа, ұлы да құдіретті Құдай, Сенің есімің — «Әлемнің Иесі!»
Выбор основного перевода