Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Содан соң Жаратқан Ие маған екінші рет сөзін арнап:— Нені көріп тұрсың? — деген сауал қойды. Мен:— Бір қазанды көріп тұрмын. Ол қайнап, тасып, солтүстіктен бізге қарай төгілейін деп жатыр, — деп жауап бердім. Сонда Жаратқан Ие маған былай деді:— Дәл сол сияқты апат осы елдің күллі тұрғындарына солтүстіктен шүйілетін болады! (Сонау солтүстіктегі) Дан жақтан бір дауыс естілді, Ефремнің тауларынан бір апат жайлы хабар жетті. — Мен Иерусалимді бір төбе үйінді етіп, оны шибөрілердің мекені қыламын. Яһуданың басқа қалаларын да адам баласы тұрмайтындай етіп қаңыратып бос қалдырамын. — (Жаратқан Ие осыны нық айтады.)
Выбор основного перевода