Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Көріп тұрмын оны, бірақ қазір емес,Байқап тұрмын оны, бірақ жақын емес:Жақыптан бір жұлдыз туатын болады,Исраилден ұлы патша шығатын болады.Ол Моабтың әміршілерін таптап жояды,Шеттің бар ұрпақтарының көзін құртады. Сол үшін олар Бағалға табыну орындарын салып, өз балаларын оған арнап түгелдей өртелетін құрбандық етіп ұсынды! Мұндайды Мен оларға бұйырған да, айтқан да емеспін, ол тіпті ойыма да келген жоқ. Сондықтан сақ болыңдар! Осы жер енді қайтып Топет немесе Бен-Хенном аңғары деп емес, Қырғын аңғары деп аталатын уақыт келеді. — Жаратқан Ие осыны нық айтады. Осы жерде Мен Яһуда мен Иерусалимнің жауға тойтарыс беру туралы жасаған жоспарларын түкке тұрғысыз етемін. Оларды жандарын алмақ болғандардың семсерімен құртып, сол қас жауларының алдында құлатып, денелерін аспандағы құстар мен жердегі аңдарға жем қылып беремін. Жақыптың үрім-бұтағының тірі қалғандары халықтар арасында тұрып, орман аңдарының ішіндегі арыстандай, қойлардың ішіндегі жас арыстандай қуатты болады. Олар тарпа бас салып, айыра жыртқанда, ешкім араша бола алмайды. Сонда ақсақалдардың біреуі маған:— Жылама, қара: Дәуіт патшаның әулетінен, Яһуда руынан шыққан «Арыстан» жеңіске жетті! Оның сол жеті мөрді сындырып, кітапты ашып, оқуға билігі бар, — деді.
Выбор основного перевода