Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Әрқашан жұрттың мақтауына бөленемін, қолымдағы садағым әрдайым берік керіліп тұрады». Ол қолдарымды дайындайды шайқасқа,Майыстырам тіпті қола садақты да. (Дәуіттің жыры.)Жаратқан Ием — менің Бағушым,Мен еш нәрседен де тарықпаймын. Уа, Исраилдің Бағушысы, құлақ түрші,Бейне қой отарындай жетелейсің Жүсіпті.Уа, керубтер арасында «тақта» Отырушы,Өзіңнің нұрлы салтанатыңды жайнатшы. Ол Жаратқан Иеге уәде етті,Жақыптың сиынатын құдіреттіҚұдайына былай деп ант берді: Жақыптың сиынатын құдіреттіҚұдай Иесіне жер бетіндегіТұрағын салып бермейінше». Сондықтан Жаратушы Тәңір Иенің айтқаны мынау:«Міне, Мен аса құнды «Тасты» таңдап алдым,Оны Сиондағы үйімнің бұрышыныңІргетасы ретінде орнатып қоямын.Енді Оған сенімін артқан ешкімҰятқа қалмайтын болады лайым. Қорықпа, Мен саған жар боламын,Абыржыма, Мен сенің Құдайыңмын!Саған қуат беріп көмектесемін,Жеңімпаз қолыммен сүйемелдеймін. Себебі Киелі жазбада Құдайдың мына сөзі де бар:«Міне, Мен аса құнды «Тасты» таңдап алдым,Оны Сиондағы үйімнің бұрышыныңІргетасы ретінде орнатып қоямын.Енді Оған сенімін артқан әркімҰятқа қалмайтын болады әрдайым». Сенетін сендер үшін осы «Тас» (Иса Мәсіх) ерекше қымбат. Ал сенбейтіндерге байланысты мынадай сөздер жазылған: «Құрылысшылар менсінбеген «Тас» енді үйдің басты іргетасына айналды!» Ол «адамдарды сүріндіретін кедергі тас, құлататын жартас сияқты». Олар Мәсіх туралы хабарға мойынсұнбағандықтан «сүрініп, құлап», теріс жолға түсіп кетеді. Олардың ақырының осылай болатыны алдын ала белгілі еді.
Выбор основного перевода