Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Екінші ұлын Ефрем («Өнімді») деп атап, «Құдай мені бұрын жапа шеккен елде өнімді қылды», — деді. Жүсіпке Мұса мынадай бата берді:«Жаратқан Ие жарылқасын оның елін,Аспанның баға жетпес шығын түсіре берсін,Шыңырау бұлақтарын ағыза көрсін. Күн көзінде пісетұғын үздік жемістерін,Ай сайын жиналатын керемет өнімдерінЖаратқан Ие ағыл-тегіл сыйлай берсін, Ежелгі таулардың таңдаулы өнімдерін,Мәңгі қырлардың да тамаша егіндерін! Жанып жатқан бұтаның арасынанӨзін аян еткен Иеміз ЖаратқанЖүсіпке мейірім көрсетіп, жердіңЖәне оны толтырып тұрған жан иелерініңЕң тамаша өнімдерін сыйлай көрсін.Бұл игіліктер төбесіне Жүсіптің —Бауырларының ішінен таңдаулыныңБасына әрдайым қона берсін! Жүсіптің айбаты тұңғыш бұқанікіндей,Һәм күші жабайы бұқаның мүйізінікіндей,Соларымен ол күллі бөтен ұлттарды,Тіпті жердің түкпіріндегі халықтардыМүйізімен сүзгеніндей жеңіп шығады.Ефрем руының он мыңдаған адамдарыОсындай әрі Манасаның мыңдағандары».
Выбор основного перевода