Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Жаратқан Ие — қайнар көзі күш-қуатымның,Мадақтау жырларымды Оған арнай берейін.Ием мені құтқарып, алып қалды аман-есен.Жаратқан — Құдайым менің, Оны мадақтайын,Ол — әкемнің де Құдайы, даңқын асырайын! Мұқтажға қарыз бергенде өсімін алмайды,Пара алып жазықсыз жанды қараламайды.Мұны істеуші нық тұрып мәңгі шайқалмайды. Жан дүнием, тыным тап жалғыз Құдайдан,Үміт келеді маған тек қана Одан, Уа, Ием, өсиеттеріңді іске асырамын,Мені құтқарасың деп үміттене тосамын. Уа, Жаратқан Ием, құтқаруыңды аңсап тосамын,Сенің тағылымыңнан зор қуаныш табамын. Сол кезде адамдар былай дейтін болады:«Біліп алыңдар, Бұл — біздің Құдайымыз,Аңсап Оны Оған сенім артамыз,Ол — жаудың қолынан Құтқарушымыз,Біздің Иеміз һәм Жаратушымыз,Оны аңсап Оған сенім артамыз.Енді бәріміз қатты қуанамыз,Бізді құтқарғанына шаттанамыз!» Ал мен Жаратқан Иеге үмітпен қараймын. Өзімді құтқаратын Құдайдың көмек көрсетуін күтемін. Айтқан дұғаларым Құдайымның құлағына жетеді».
Выбор основного перевода