Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Кейін Лия тағы да ұл тапқанда: «Жаратқан Ие менің (күйеуіме) ұнамсыз екенімді естіп, маған мына ұлды да сыйлады», — деп, оған Шимон (яғни «Естіп тұрған») деген есім берді. Тағы бір ұл туған соң Лия: «Енді күйеуім маған берік қосылатын болды, себебі мен оған үш ұл туып бердім», — деді. Сондықтан бала Леуі («Берік қосылған») деп аталды. Рахиланың күңі Балхадан туған ұлдары: Дан мен Нафталим. Лияның күңі Зилпадан туған ұлдары: Ғад пен Ашир.Жақыптың солтүстік Месопотамияда туған ұлдары осылар болды. Ақырында Жақып Хеброн деп те аталатын Кирият-Арбадағы Мамреге әкесі Ысқаққа қайтып келді. Бұл жерде Ыбырайым мен Ысқақ жат жұрттық болып тұрып жатқан еді. Ысқақ жүз сексен жыл жасады. Ол мағыналы өмір сүріп, жасы ұлғайған шағында жан тапсырып, о дүниеге, ата-бабаларының қасына аттанды. Үрім-бұтағы оны азалап, ұлдары Есау мен Жақып мәйітін қабірге апарып қойды. Леуі руына Мұса мынадай бата берді:«Кемелділік пен Нұр» атты жебелеріңӨзіңе адал бұл жандарда бола берсін!Уа, Ием, Маса маңында оларды сынадың,Мерібада жартастан шыққан сулардыңҚасында олармен күрескен едің. Қорғау үшін сөздерің мен КелісіміңдіӘке-шешелерінің тілегін елемеді,Олар ағайындыларын да танымады,Тіпті өз балаларын да мойындамады. Жақып халқына шешімдеріңді жеткізеді,Исраилге Таурат заңыңды үйретеді,Алдыңда хош иісті заттар түтетеді,Үстеліңде шалынған құрбандықты өртейді. Уа, Ием, Леуінің күшін жарылқай көрші,Істеген істеріне риза бола көрші,Леуіге қарсы шыққанды күйрете гөр,Жек көрген жауларын тұрмастай жыға гөр!»
Выбор основного перевода