Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Екінші жеребе әулеттері бойынша Шимон руына түсті. Бұл руға үлестірілген мұралық жер Яһуда руының жерінің ішінде жататын болды. Шимон руына мұралық жер Яһуда руының үлесінен берілді, себебі Яһуданың үлесі өздері үшін тым үлкен болатын. Сондықтан Шимонның ұрпақтарына мұралық жер Яһуданың үлесінің ішінен берілді. Леуіліктердің әулет басылары Қанахан еліндегі Шило қаласында діни қызметкер Елазар, Нұн ұлы Ешуа және Исраил руларының әулет басыларының алдына келіп, «Жаратқан Ие Мұса арқылы бізге өзіміз мекендейтін қалалар және малымыз жайылатын өрістер беру туралы айтқан болатын», — деген өтініш жасады. Сонда исраилдіктер Жаратқан Иенің берген бұйрығына бағынып, оларға өздерінің мұралық жер үлестерінен төмендегі қалаларды жайылымдарымен қоса белгілеуге ұйғарды. Алғашқы жеребе қахат әулеттеріне түсті. Діни қызметкер Һароннан тараған леуіліктерге Яһуда, Шимон, Бунямин руларының жерінен он үш қала тиді. Қахаттың қалған ұрпақтарына жеребе бойынша Ефрем, Дан және Манаса руының (батыстағы) жартысының жерінен он қала тиді. Герсонның ұрпақтарына жеребе бойынша Исашар, Ашир, Нафталим руларынан әрі Манаса руының Башан аймағындағы өзге жартысынан он үш қала тиді. Мераридің ұрпақтарына әулеттері бойынша Рубен, Ғад, Забулон руларынан он екі қала берілді. Сонымен исраилдіктер Жаратқан Иенің Мұса арқылы берген бұйрығына сай осы қалаларды жайылымдарымен қоса леуіліктерге жеребе бойынша үлестіріп берді. Яһуда руы мен Шимон руынан исраилдіктер төмендегі қалаларды аттарын атап бөліп берді. Олар Леуі руының Қахат тармағына жататын Һаронның ұрпақтарына белгіленді, себебі бірінші жеребе соларға түсті. Осылайша Һаронның ұрпақтарына Яһуданың таулы жеріндегі Кирият-Арба, демек, Хеброн қаласы айналасындағы жайылымдарымен қоса берілді. (Қаланың атауындағы) «Арба» алып Анақтың арғы атасының есімі болатын. Ал Хебронға қарасты егістік жерлер мен елді мекендер Ефунне ұлы Халептің иелігіне бөлініп берілді. Сонымен, осы екі рудан діни қызметкер Һаронның ұрпақтарына Хеброн қаласы белгіленді. Ол абайсызда кісі өлтіріп алғандар бас сауғалайтын қала болуға да таңдалған еді. Һаронның ұрпақтарына одан басқа Либна, Ятир, Ештемоға, Холон, Дебир, Аин, Юта, Бет-Шәміш — барлығы тоғыз қала да жайылымдарымен қоса белгіленді. Бунямин руынан оларға Гибеон, Геба, Анатот, Алмон атты төрт қала жайылымдарымен қоса белгіленді. Һароннан тараған діни қызметкерлердің жайылымды қалаларының ұзын саны — он үш болды. Леуі руының Қахат тармағының қалған бөлігіне Ефрем руының жерінен бөлінген қалалар мыналар болды: Ефремнің таулы өлкесінде орналасқан, абайсызда кісі өлтіріп алғандар бас сауғалайтын Сихем қаласы және Гәзер, Кипсаим, Бет-Хорон — барлығы төрт қала жайылымдарымен қоса берілді. Дан руынан Елтеке, Гибетон, Аялон, Ғат-Риммон атты төрт қала жайылымдарымен қоса, әрі Манаса руының (Қанахан еліндегі) жартысынан Тағанах пен Ғат-Риммон атты екі қала жайылымдарымен қоса берілді. Осы он қала мен олардың жайылымдары Қахат тармағының қалған әулеттеріне үлестірілді. Леуі руының Герсон тармағына мына қалалар берілді: Манаса руының жартысынан екі қала: Башан аймағында орналасқан, абайсызда кісі өлтіріп алғандар бас сауғалайтын Ғолан қаласы және Бе-Ештера, екеуі де жайылымдарымен қоса; Исашар руынан: Қишион, Даберат, Ярмут, Ен-Ғанним атты төрт қала жайылымдарымен қоса; Ашир руынан: Мишал, Абыдон, Хелқат, Рехоб атты төрт қала жайылымдарымен қоса; Нафталим руынан Ғалилея өлкесінде орналасқан, абайсызда кісі өлтіріп алғандар бас сауғалайтын Кедес қаласы, Хамот-Дор, Қартан атты үш қала жайылымдарымен қоса. Сонымен Леуі руының Герсон тармағына әулеттері бойынша барлығы он үш қала жайылымдарымен қоса үлестірілді. Леуі руының қалған тармағы — Мераридің әулеттеріне мына қалалар берілді: Забулон руынан Жоқнеам, Қарта, Димна, Нахалал атты төрт қала жайылымдарымен қоса; Рубен руынан: Бесер, Жахса, Кедемот, Мефағат атты төрт қала жайылымдарымен қоса; Ғад руынан: Ғилақадта орналасқан, абайсызда кісі өлтіріп алғандар бас сауғалайтын Рамот қаласы, Маханайым, Хешебон, Жазер атты төрт қала жайылымдарымен қоса. Осылайша Леуі руының қалған үшінші тармағы — Мерариге әулеттері бойынша белгіленген қалалардың саны он екі болды. Сонымен Исраилдің меншікті жерінің арасынан Леуі руына жайылымдарымен қоса бөлінген барлық қалалардың саны қырық сегіз болды. Осы қалалардың бәрі де айналаларындағы жайылымдарымен қоса берілді. Бет-Марқабот, Хасар-Сусим, Бет-Біреи, Шағараим деген жерлерде де тұратын. Дәуіт патшалық құрғанға дейін осы қалалар олардың қарамағында болды. Осы аттары аталған адамдар әулеттердің басшылары еді. Үрім-бұтақтары кеңінен өсіп көбейгендіктен, олар малдарына жайылым жер іздеп, Герардың маңына, ондағы аңғардың шығысына қарай көшіп барды. Сол жақта олар оты мол, мал өрісіне жақсы бір жайылым тауып алды. Ол шалқыған кең, тыныш та алаңсыз жатқан жер екен. Оны Хамның кейбір ұрпақтары мекендеп келген еді. Жоғарыда есімдері аталған Шимон руының басшылары Яһуда елінің патшасы Езекияның билік құрып тұрған кезінде аттанып, хамдықтардың шатырларын және сол жерде тұрып жатқан меунилерді мүлдем жойды. Бүгінде олардың ізі де жоқ. Шимондықтар солардың жеріне қоныстанып алды, себебі онда малдарына жайылым болатын. Бірде Шимон руының бес жүз адамы Ишидің ұлдары — Пелатиях, Неариях, Рефаях, Ұзиелдің басшылығымен таулы Сейір аймағына аттанды. Олар амалектіктердің бұрын қашып кетіп, тірі қалғандарының көздерін құртты. Содан бері олар сол жерде осы күнге дейін тұрып келе жатыр.
Выбор основного перевода